Нурмагомедов пен МакГрегор қашан жекпе-жекке шығатыны белгілі болды

Нурмагомедов пен МакГрегор қашан жекпе-жекке шығатыны белгілі болды

Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық спортшы Конор МакГрегор 6 қазан күні өзара жекпе-жек өткізеді, деп жазады massaget.kz.

Бұл туралы ресейлік спортшының әкесі Абдулманап хабарлады. Қос спортшы Лас-Вегаста өтетін UFC 229 кешінің басты жекпе-жегінде кездесуі мүмкін.

- Жекпе-жек 6 қазанға жоспарлануда. Қазір айтуға ерте, әйткенмен келіссөздер аяқталып келеді. Әзірге Конормен. Алдағы жоспарда төрт кездесу бар. Конор, Тони Фергюсон, Сен-Пьер және жартылай орта салмақ чемпионымен, - деді Абдулманап телеарна бағдарламасында.

Осыған дейін Хабиб Нурмагомедов 6 қазанда жекпе-жек өткізетіні жайлы айтып қалған болатын. Осы күні өзі чемпиондық атағын алғаш рет қорғайтын болады.

Хабиб Нурмагомедов кәсіпқой мансабында 26 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Конор МакГрегор 2016 жылдан бері UFC жарыстарына қатысқан жоқ. Оған дейін 21 рет жеңіске жетіп, 3 мәрте ұтылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или