ММА

«Найман» Давид Хачатрянды Қазақстанға шақырды

«Найман» Давид Хачатрянды Қазақстанға шақырды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов армян MMA файтері Давид Хачатрянды Қазақстанға шақырып, жылқының етінен дәм татуға шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хамитов бұған дейін Питер Куилли мен Хачатрянның кездесуінде болжамды ирландиялықтың пайдасына жасаған еді.

«Қуат, көп сөйлей бермей, жылқыңның етін же!» - дәл осылай Давид Хачатрян өзінің инстаграм парақшасында «Найманға» ызалы екенін білдірді.

Алайда, Қуат Хамитов армян файтеріне қажетті сөз бен ойды таба алды:

«Давид – жоғары деңгейдегі файтер. Оның жүріп өткен жолы екінің біріне арман болып қалады. Мен мансабымды бастағанда оның чемпион атанып үлгергендігімен келісемін. Менің сөздерім Хачатрянды ренжітсе керек. Давид досыма айтарым: Қазақстан – қонақжай ел, ат басын бізге бұр, жылқының етінен дәм тат», - деді Хамитов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер