ММА

Армениялық спортшы Қуат Хамитовқа тыныш жүруді ескертті

Армениялық спортшы Қуат Хамитовқа тыныш жүруді ескертті
news-banner7
mobile-news-top

Армениялық ММА шебері Давид Хачатрянға (24-2) қазақстандық әріптесі Қуат Хамитовтың (18-6-1) пікірі ұнамай қалды, деп жазады Prosports.kz.

Қуат «Найман» Хачатрян мен Питер Куилли арасындағы жекпе-жекке байланысты өзінің Instagram парақшасында пікір білдірген болатын. Онда отандасымыз өзінің бұрынғы қарсыласын жоғары бағалаған.

Бұрынғы қарсыласы деп отырғанымыз Хамитов өткен жылы қарашада ирландиялық спортшы Питер Куиллимен сегізбұрышта кездескен болатын.

Кез-келген сәтте өзінің көзғарасын ашық айтып қалудан таймайтын Қуат армениялық пен ирландиялықтың кездесуі жайлы:

- Куилли нағыз жыртқыш аң секілді. Мен оның міндетті түрде жеңетінін білгенмін, айтқанмын да, - деп жазған болатын.

Отандасымыздың осы сөзі Хачатрянның қитығына тисе керек, өз кезегінде:

- Мен сегізбұрышта шайқасып жүргенде мына «Қуаттар» қайда жүрген еді? Енді келіп ММА спортшысы болып алған, онымен қоймай көп сөйлейтін болып жүр. Қуат, сен маған сын айтқанша, ет жеп тыныш жатқаның жөн, - деп жазды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер