Бокс

Қыздар арасында ҚР Президенті Кубогы аяқталды

Қыздар арасында ҚР Президенті Кубогы аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Астана қаласында өтіп жатқан бокстан ҚР Президентінің кубогы халықаралық дәстүрлі турнирінің бүгін соңғы күні, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Бүгін барлық салмақ дәрежесінде алтын медаль сарапқа салынады. Алдымен қыздар арасында финалдық кездесулер өтті.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел үміт артқан екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай финалға шыға алған жоқ. Ол жартылай финалда жапондық Намики Цукумиге есе жіберіп алды. Бұл салмақта дәл осы жапон қызы чемпион болды.

57 келіде Сәния Сұлтанқызы тағы бір жапон қызы Хирута Мицукиді жеңіп, ел қоржынына алғашқы алтынды салды.

Одан кейін шаршы алаңға қос қазақ қызы шықты. 2018 жылғы Қазақстан чемпионатының жүлдегері Римма Волосенко (60 келі) финалда Әлем чемпионатының жүлдегері Айжан Ходжабекованы төрешілердің шешімімен жеңді.

Ал 75 келіде Олимпиада жүлдегері Дариға Шәкімова швециялық Лав Холгерсонға жол беріп, турнирдің күміс жүлдегері атанды.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер