Мәнерлеп сырғанау
Қысқы

Мұз үстіндегі шоу!

Мұз үстіндегі шоу!
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Астана қаласында, «Барыс Арена» мұз шаһарында «Денис және оның достары» атты мәнерлеп сырғанаудан хас шеберлердің шоуы өтті, деп хабарлайды prosports.kz сайтының тілшісі.

Мәнерлеп сырғанаудан еліміздің мақтанышы Денис Тен Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырып отырған бұл шоуы, көрермен қауымның көңілінен шыққаны сөзсіз. Адуын айға білеген спортшыларды бір жерде жинау екінің бірінің қолынан келе бермес. Бірақ Денисті нағыз дос ретінде танытып келген әлемнің үздік сырғанаушылары бүгін Астанада бас қосып, өз өнерлерімен қазақ еліін паш етті. Олар;

Дабин Чои

Бұл спортшы қыз, ең әдемі спорт түрінен жетістігі көп деп айтуға болмайды. Алайда, жасына қарамай 2017 Саппорда өткен қысқы Азиада ойындарында алтыннан алқа таққан. Ал, бүгінгі кеште қонақтар сапынан алғаш болып шығып, шырайлы жүзімен қалың жұртшылықтың көзайымына айналды.

Нобунари Ода

Оңтүстік Кореяның ең мықты спортшыларының қатарынан көрінетін Нобунари Ода, «Денис және оның достары» атты шоуында жылдам айналу бойынша көрерменнің көз шырымын алды десек артық етпес. Сондай-ақ, бұл мәнерлеп сырғанаушының жетістіктерін айтсақ ол, 2005 жылғы жастар арасындағы әлем біріншілігінің жүлдегері атануымен басталады.

Елена Радионова

Ресейдің қаршадай қызы Астанаға келуі алғаш емес. Бұған дейін ол, аталмыш шоуға қатысып, өз көмегін тигізді. 2017 жылы Алматыда өткен VII қысқы Азиада ойындарында Елена чемпион атанған. Ал, бүгінгі кеште Радионованың екінші мәрте мұз айдынында мәнерлеп сырғанау барысында техникалық ақауларға байланысты ән орындалмай қалды. Алайда бұл Еленаны тоқтатпады. Есесіне көрерменнің құлақ тұндырарлықтай қошеметіне ие болып, мұз ұстіне өрнегін сала берді.

Олександр Любченко және Жан-Дени Санчес

Қос спортшыны ағайынды деп ойлап қалған шығарсыздар. Әрине, жоқ. Биологиялық тұрғыда. Бірақ, көпшілікке бұл азаматтар: біз ағайындылармыз!, дейтіні рас. Десек те, «Барыс Аренадағы» кеште Франция спортшылары бірігеөнер көрсетті. Ох шіркін, бұл спортшылардың өнерін көрермендер мәңгі бақи естерінде сақтаған шығар. Неге десеңіз, мәнерлеп сырғанап қоймай, оның үстіне мұз үстінде бірнеше сальто жасап, көрерменнің ду қол шапалағына ие болды. Ал, екінші рет мұз айдынына шыққанда, қос спортшы дене бітімдерін түрлі түсті бояуға бояп, қалың жұртшылықты қарық қылды.

Ян Хон

Қытайлық азамат өзге де спортшылар секілді қалың жұрттың қошеметіне ие болды. Оның бірден бір кепілі секіріп барып көбірек айналуында.

Кейтлин Уивер және Эндрю Поже

Бұл жұп туралы сөз қозғасақ, екеуі де Канаданың атынан шығады. Бірақ, Канаданың үйеңкі ағаштың жапырағы бейнеленген туын желбіретпес бұрын Кейтлин, АҚШ-тың мемлекеттік байрағын әлем аренасына ту етіп жүрген. Көпшілікке бұл жұп тек араларында достықтан басқа еш нәрсе жоқтығын жар салып жүр. Алайда, Кейтлиннің Эндрюмен бірге болу үшін осы себеп пе?!

Лере Мари-Пьер

Лере спорттық мансабын аяқтағанымен, өзінің досы Денис Теннің Астанадағы шоуына келіп, өзіндік тән өнерімен қалың көрермен қауымды тәмсандырды. Яғни, бұл мәнерлеп сырғанаушы мәнерлеп сырғанаудың марғасқасы болғанымен қатар, цирктегідей сақинаға мініп аккробатикалық өнерімен ерекшеленді.

Джерреми Эббот

-Сенің пір тұтатын спортшың кім?-дегенге Денис: Джерреми Эббот!- деп жауап қатқаны бар. Әрине, АҚШ спортшысы өз кезегінде көптеген жетістікке қол жеткізгені айдан анық. Халықаралық аренадан тәжірибе жинақтаған Джерреми бүгін сол өнерін Астана жұртышылығына тарту етті.

Каролина Костнер

Италия атынан шығып жүрген Каролина бүгінде Денис Теннің жақын достарының бірі болып табылады. Аталмыш кеш бойынша Костнер;

- Бүгінгі кешке біз талай уақыт дайындалдық. Себебі, бұл менің досым Денис үшін өте маңызды болды. Осындай шоуды жоғары деңгейде өткізу үшін менде қалыс қалмадым. Барымды ортаға салдым. Дегенмен, сіздерге шоу ұнаса, бізден бақытты адамдар бүгін әлемде жоқ шығар!-деді.

Алена Савченко мен Бруно Массо

Алена кезінде Украинаның атынан шығып жүрген болса, Бруно Францияның туын халықаралық аренада желбіреткен болатын. Қазіргі таңда қос спортшы Германияның туын Олимпиада тұғырына шығарып жүргендердің қатарынан табылуды. Ал, аталмыш кеште Пхенчхан Олимпиадасының чемпиондарының өнеріне тәнті болғандардың саны аз емес.

Ендігі кезекте Денис Тен.

Денис Тенді әрбір қазақстандық білетіні сөзсіз. Еліміздің көк байрағын төрткүл дүние көз тіккен бәсекелерге паш етіп, Қазақстанның атын шығарып жүрген спортшылардың алдыңғы қатарында. Ал, жетістіктері айту артық болар. Оны көпшілікке онсыз да біледі. Десек те, Астананың 20 жылдығына орай өткізіп отырған отандасымыз, қазіргі таңда ең жоғары деңгейдегі спорттық шоуды ұйымдастырып отыр. Шоу барысында екі мәрте мұз айдынына екі әнмен шықты. Оның біріншісі-өзі шығарған алғашқы әні болса, екіншісі Димаш Құдайбергеновтың орындауындағы S.O.S. d'un terrien en détresse атты әйгілі француз әнімен шықты. Сонымен қатар, Тен Димашпен жақсы дос екенін баспасөз конференция барысында жасырмады;

- Димаш талантты әнші. Оны бүкіл әлем біледі. Осындай қазақтың біртуар азаматтары әлемге танымал болғаны мен үшін қуанышты жағдай. Өткен жылы, Франциядағы додада Димаштың орындауындағы осы әнмен шықтым. Әрине, алдын ала Димаштан рұқсат сұрадым. Ол қуана келісті. Осыдан бастап біз жақын араласып, қазір дос болып кетті. Егер мені Димаш көріп жатса, Димашқа айтарым; «Көп рахмет саған Димаш»!-деді Денис Тен.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш шоу 2013 жылдан бастау алып келеді. Ал, аталмыш шоу елімізде төртінші мәрте өтіп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер