Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Астанадағы турнирді жеңіспен бастады

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Астанадағы турнирді жеңіспен бастады

Астана қаласында бокстан ҚР Президентінің кубогы халықаралық дәстүрлі турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Дәл қазір 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін боксшылардың 1/8 финалдық кездесулері өтуде.

2017 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл Индия боксшысы Ашиш Кумарды жеңіп, ширек финалға шықты. 21 жастағы отандасымыз қарсыласын еш қиындықсыз ұтты.

Ал осыдан сәл бұрын 60 келіде өнер көрсеткен Әділет Құрметов пен Закир Сафиуллин де ширек финалға жолдама алған еді.

Естеріңізге сала кетейік, бокс бәсекесі 5-10 маусым күндері «Дәулет» спорт кешенінде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или