Құрметов пен Сафиуллин бокстан ҚР Президенті Кубогының ширек финалына шықты
Астана қаласында бокстан ҚР Президентінің кубогы халықаралық дәстүрлі турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
Дәл қазір 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін боксшылардың 1/8 финалдық кездесулері өтуде.
Қазақстандық боксшы Әділет Құрметов Тайланд боксшысы Джонтронг Руджакронды жеңіп, ширек финалға шықты. Жекпе-жек 4:1 есебімен отандасымыздың пайдасына шешілді.
Ал осыдан сәл бұрын дәл осы салмақта өнер көрсететін тағы бір боксшымыз Саматәлі Төлтаев өзбек боксшысы Шункор Абдурасловтан жеңіліп қалған болатын.
Осы салмақта өнер көрсететін төртінші боксшымыз Закир Сафиуллин жапониялық Фуджита Кенджиді жеңді. Енді ол ширек финалда Әділет Құрметовпен кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, бокс бәсекесі 5-10 маусым күндері «Дәулет» спорт кешенінде өтеді.