Ольга Рыпакова «Гауһар лигадағы» жорығын Ослодан бастайды

Ольга Рыпакова «Гауһар лигадағы» жорығын Ослодан бастайды

Еліміздің қазіргі таңдағы ең танымал жеңіл атлеті Ольга Рыпакова 7 маусым күні Норвегияның Осло қаласында өтетін «Гауһар лиганың» бесінші кезеңіне қатысады, деп жазады жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионының қарсыластарының арасында колумбиялық Катрин Ибаргуэн де бар.

Әйелдер арасындағы үш қарғып секіру сайысы «Гауһар лиганың» биылғы маусымында осымен екінші рет қосылып отыр. Бұған дейін алғашқы старт 12 мамырда Шанхайда басталған. Оған Ольга Рыпакова қатыспаған еді. Осы жолы Ослода 9 атлет бақ сынайды. Үшеуі – Шанхайдағы кезеңде жүлдеге іліккендер. Қытайда колумбиялық Катрин Ибаргуэн – 14.80 метрмен чемпион атанған. Екінші және үшінші орынды ямайкалық Шаниека Риккетс (14.55) пен Кимберли Уильямс (14.35) өзара бөліскен болатын.Ал өзге алты спортшы жарысты Ослодан бастамақ.

Мамандар Норвегияда жоғарыдағы үштікпен қатар Ольга Рыпакова жүлдеге таласады деп отыр. Сондай-ақ 12 мамырда Франциядағы жарыста 14.84 метрге секіріп, көпшілікті таңқалдырған америкалық Тори Франклин де Ослоға келеді. Бұл – биылғы маусымдағы ең үздік көрсеткіш. Былтырғы жылы бұл межеден тек Катрин Ибаргуэн мен Юлимар Рохас ғана асқан болатын. 2017 жылы 14.09 метрмен шектелген Франклиннің бір жылдың ішінде осындай нәтиже көрсетуі қол соғуға тұрарлық.

Сондай-ақ германиялық Кристин Гириш пен грекиялық Параскеви Папахристу, украиналық Ольга Саладуха және жергілікті спортшы Ютси Онстад  жарыс көрігін қыздыратын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или