«Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Слован»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Слован» (Словакия, Братислава) командасымен кездеседі.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Естереңізге сала кетсек, соңғы екі ойында «Барыс» хоккей клубы өз қарсыластарына жол беріп қойған болатын. Бірінші матчта команда Риганың «Динамосына» 2:3 (Б) есебімен ұтылса, екінші ойында мәскеулік «ЦСКА»-ға 0:3 есебімен оңбай жеңілді. Соған қарамастан, Құрлықтық хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде «Барыс» үшінші орнын сақтап келеді. Оның еншісінде барлығы 53 ұпай бар. Ал «Слован» - 23-шы орында. Чемпионат басталғалы бері ол 24 мачт өткізіп, барлығы 28 ұпай жинаған.</p>
<p style="text-align: justify;">
Бүгінгі ойын Астана уақыты бойынша түнгі сағат 22:00-де басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или