«Сарыарқа» ХК сырт алаңда «Буранды» жеңді

«Сарыарқа» ХК сырт алаңда «Буранды» жеңді
<p style="text-align: justify;"> <strong>Қарағандылық &laquo;Сарыарқа&raquo; хоккей клубы сырт алаңда &laquo;Буран&raquo; (Ресей, Воронеж) командасын ұтты.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Ойынның басында алаң иелері есепті бірінші болып ашса да, алғашқы кезең аяқталғанша, &laquo;Сарыарқа&raquo; қарсыластың қақпасына 4 (!) бірдей шайба соғып, есепті 4:1-ге дейін жеткізді. Екінші кезеңде &laquo;Буран&raquo; есеп айырмасын бір шайбаға қысқартты. Алайда Қарағанды қаласының хоккей клубы тағы бір шайба соғып, таразы басын 5:2-ге апарды. Үшінші кезеңде қарсыластар үшінші шайбасын соғып, соңғы минуттарда қақпашысыз таразы басын теңестіруге де тырысты. Бірақ &laquo;Сарыарқа&raquo; бос тұрған қақпаға алтыншы шайбаны соғып, жеңімпаз атанды. Қорытынды есеп - 6:3.</p> <p style="text-align: justify;"> Айта кетсек, осы ойыннан кейін &laquo;Сарыарқа&raquo; тағы үш ұпайға қол жеткізіп, Жоғары хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде 7-ші орынға көтерілді.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или