«Барыс» ЦСКА-дан ұтылды. Елордалық клуб үшін Қазақстанның ескі Әнұраны шырқалды
<p style="text-align: justify;">
<strong>Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда мәскеулік «ЦСКА» командасына жол беріп қойды. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Бұл ойында екі кезең бойы шайба соғылмады. Ал үшінші кезеңде қарсыластар «Барыстың» қақпасына үш бірдей шайба соғып, жеңімпаз атанды. Қорытынды есеп - 0:3.</p>
<p style="text-align: justify;">
Айта кетер жайт, матчтың басында «Барыс» үшін Қазақстанның ескі Әнұраны қосылды. Бұндай оқиға биыл Жоғары хоккей лигасында да болған. «Сарыарқа» мен «ТХК» арасындағы ойында ескі Әнұран шырқалған болатын.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или