Вадим Финкельштейн: Сергей Харитонов пен Антон Вязигин жекпе-жегінің шешімімен келіспеймін
М-1 Global промоутерлік компанияның басшысы Вадим <span>Финкельштейн </span>Санкт Петербургте өткен М-1 Challenge 92 турнирінде өнер көрсеткен Сергей Харитонов пен Антон Вязигин жекпе-жегінің шешімімен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport-express.com сайтына сілтеме жасап.
– Бас төрешінің шешімімен келіспеймін, – деді Финкельштейн. – бұл таза "ноу контест" (еск. – өтпей қалған жекпе-жек). Дәрігер шешімімен тоқтатылса бір жөн, жекпе-жекке қатысушының емес. Төрешілермен байланысып, мән-жайды анықтаймын. Менің көргенім бойынша Антон өзіне сенімді, чемпиондыққа лайық жігіт деп ойлаймын. Сәйкесінше, Ингушетияда маусымда реванш өткізбекпіз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или