Арман Әшімов кезекті жекпе-жегін өткізу үшін Мәскеуге аттанды
Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман Әшімов M-1 Challenge 92 турниріндегі жекпе-жегін өткізу үшін Мәскеуге аттанды.
Арман «Мұстафа Өзтүрік» Әшімов украиналық Доскальчукпен M-1 Global тұжырымының толыққанды чемпиондық атағын сарапқа салу үшін Мәскеуге аттанды. Отандасымыз 24 мамыр күні, Санкт-Петербург қаласында өтетін M-1 Challenge 92 турнирінің басты кездесуінде жұдырықтасады.
Айта кетейік, Арман Әшімов M-1 Global тұжырымының белбеуін иеленген алғашқы қазақ. Отандасымыз әлемнің ең үздік тұжырымдарының қатарына кіретін ұйымда 3 жекпе-жек өткізіп, барлығын нокаутпен аяқтаған болатын. Ал украиналық Доскальчук сегізбұрышта 9 жекпе-жек өткізіп, тек 1 рет қана жеңілген
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или