Хоккейден әлем чемпионаты Астанада өтеді

Хоккейден әлем чемпионаты Астанада өтеді

Данияның Копенгаген қаласында IIHF Халықаралық хоккей федерациясының жылдық конгрессі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыстың қорытындысы бойынша 2019 жылы өтетін Бірінші дивизионның А тобының ойындарын Қазақстан мемлекетінде өткізу туралы шешім қабылданды.

Осылайша, еліміз тұңғыш рет хоккейден ерлер арасында Әлем чемпионатын қабылдайды. Аталмыш жарыс Астанадағы "Барыс аренада", сәуірдің 29-ы мен мамырдың 5-і аралығында өтеді. Бұл турнирге Қазақстан, Беларусь, Оңтүстік Корея, Венгрия, Словения және Литва командалары қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или