Хабиб Нурмагомелов пен Конор Макгрегор жұдырықтасуы мүмкін

Хабиб Нурмагомелов пен Конор Макгрегор жұдырықтасуы мүмкін

2018 жылы  қыркүйек айында UFC жеңіл салмақтан әлем чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен ирландық Конор Макгрегор арасында жекпе-жек болуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі championat.com сілтеме жасай отырып.

Бұл туралы UFC файтері Брендан Шауб айтты.

«Мен Нурмагомедов пен МакГрегор қыркүйекте кездеседі деп естідім. Мен UFC-де жұмыс істемесем де, осындай ақпарат естіп қалдым. Рас-өтірігін білмеймін, бірақ Конор мен Хабибтің жұдырықтасатынына сенгім келеді<span>», — дейді Шауб.</span>

Естеріңізге салсақ, қыркүйек айында, Ресейде  UFC бірінші турнирі жоспарланып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или