Қазақстанда хоккейден Әлем чемпионаты өтеді

Қазақстанда  хоккейден Әлем чемпионаты өтеді

17 мамырда Копенгагенде (Дания) Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF)  конгресі басталды, деп хабарлайды icehockey.kz.

Ерлер командалары арасындағы бірінші дивизиондағы А тобының  Әлем кубогын 2019 жылы ұйымдастыру туралы өтінімдерді Қазақстан мен Словенияның хоккей федерациялары таныстырды.  IIHF Конгрессіне қатысушы елдер дауыс беріп, Қазақстан хоккей тарихында тұңғыш рет Қазақстан ерлер командалары арасындағы бірінші дивизионда Әлем чемпионатын өткізеді.

Халықаралық турнир Астанада 2019 жылдың 29 сәуірінен 5 мамырына дейін «Барыс» аренасында өтеді. Чемпионатқа Белоруссия, Оңтүстік Корея, Қазақстан, Венгрия, Словения және Литва ұлттық құрамалары қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или