Just Wrestling
Күрес

Таңатаров: Мені бозкілемнен әлі де көріп қалуларыңыз мүмкін

Таңатаров: Мені бозкілемнен әлі де көріп қалуларыңыз мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Лондон Олимпиадасының, әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы Ақжүрек Таңатаров лауазымды қызметке тағайындалды7 Жамбыл облысы дене шынықтыру спорт бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты «№5 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің» су жаңа директоры жаңа қызметі жайлы пікірімен бөлісті.

- Аллаға шүкір алғашқы жұмыс күнім сәтті өтті. Құттықтап, қолдап жатқан аға-бауыр, жора-жолдас, ағайын туысқа мың алғыс. Халық қаһарманы Бауыржан атамыз айтқандай: «Ердің туы - намыс, ерлік - ердің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті», демекші, намысты, жүректі азаматтарды тәрбиелеуде аянбаймын. Ер бақыты елдің қасында болса, ел бақыты ерлер қолында болғандықтан, артылған сенімді ақтаймын.

- Ақжүрек, сізді енді бозкілемнен көреміз бе?

- Спорттық мансабымды толық аяқтадым деп айта алмаймын. Мені бозкілемнен әлі де көріп қалуларыңыз мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Ақжүрек Таңатаров біздің басылымға берген сұхбатында алдағы Азия ойындарынан кейін үлкен спортпен қоштасатынын айтқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер