Just Wrestling
Еркін күрес

Ақжүрек Таңатаров: Азия ойындары мансабымдағы соңғы жарыс болмақ

Ақжүрек Таңатаров: Азия ойындары мансабымдағы соңғы жарыс болмақ
news-banner7
mobile-news-top

Күні кеше Қырғыстанның астанасы Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы төрт алтын , екі күміс, он бір қола жүлдені еншіледі. Соның ішінде, еркін күрес балуандарының үлесі: екі алтын, бір күміс, төрт қола. Жарыс аяқталған соң еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаровпен сөйлесіп құрлық біріншілігі жайлы ойын біліп қайттық.

- Азия чемпионатында балуандарымыз айла-әдіске толы, жақсы күрес көрсетті. Әсет Серікбаев, Марат Ерденов, Маирбек Юсупов ағаларымыздың нәтижелі жұмысы, команданың ұйымшылдығы көзге көрініп тұр. Алайда, біздің балуандар өз мүмкіндіктерін толық көрсетті деп айта алмаймын. Атап айтқанда, 70 келіде ел намысын қорғаған Мейіржан Аширов пен 57 келідегі талдықорғандық балуан Жандос Исмаиловтар финалға лайық еді. Қос спортшымыз да жартылай финалда жеңісті қолдан жіберіп алды. Балуандарымызға сеніміділік пен тәжірибе жетіспеген сияқты. Бұл енді құрлық чемпионаты болғандықтан, осал қарсылас болмайды. Жалпы алғанда Азия чемпионаты жоғарғы деңгейде өтті, ал еркін күрес шеберлері осы сары құрлық аламанына жақсы дайындықпен келгенін дәлелдеді.

- Былтыр Нью-Делидегі Азия чемпионаты мен Париждегі әлем чемпионатында сізден ұтылған өзбекстандық Ихтиор Наврузов биыл Бішкек төрінде топ жарып, Азия чемпионы атанды...

- «Ескі жау атыспаққа жақсы» демекші Ихтор менің ежелден келе жатқан қарсыласым. Дей тұрғанмен ірі жарыстарда екеуара бәсекеде менің жолым болып жүрді. Бұл Ихтордың осалдығынан емес, мен ол үшін қолайсыз қарсылас болған шығармын. Бозкілем сыртында Ихтормен әңгімеміз түзу. Бішкектегі жарыстан соң «Ақжүрек, сенің жарысқа қатыспағаның қандай жақсы. Бағым жанып Азия чемпионы атандым» деп әзілдеген еді.

- Өзіңізді Азия чемпионатынан көрмедік, Ақжүрек күрестен кетіпті деген сөзді де құлағымыз шалды. Мән жайды өз аузыңыздан білсек?

- Мен күрестен әлі біржола кеткен жоқпын. Өз ойымда үлкен спортпен осы жылы қоштассам деймін. Биыл өтетін Азия ойындары спорттық мансабымдағы соңғы жарыс болмақ. Жаттығу кезінде болсын, дүбірлі дода болсын жастарға ақылымды айтып, білгеніммен бөлісіп жүремін. Күреспен ат құйрығын біржола кесіспей бапкерлікке бет бұрсам деген ой бар.

- Сұхбатыңызға рахмет!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер