Қайрат Ахметовтың сегізбұрышқа қашан оралатыны белгілі болды

Қайрат Ахметовтың сегізбұрышқа қашан оралатыны белгілі болды

<span>Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Қайрат «Қазақ» Ахметовтың келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды.</span>

<span>Жеңіл салмақтағы ONE FC тұжырымының экс-чемпионы Қайрат Ахметов кезекті жекпе-жегін маусым айының соңында өткізеді. Отандасымыз 29 маусым күні ONE FC -дағы соңғы кездесуін Мьянма елінің бұрынғы астанасы Янгон қаласында өтетін жекпе-жек кешінде өткізеді. Әзірге «Қазақтың» қарсыласы белгісіз.</span>

<span>Айта кетейік, Қайрат Ахметов ONE FC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ. Ол сегізбұрышта 22 жекпе-жек өткізіп, тек 2 мәрте ғана жеңіліске ұшыраған болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или