Арман Оспанов кезекті жекпе-жегін маусым айында өткізеді

Арман Оспанов кезекті жекпе-жегін маусым айында өткізеді

<span>Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман Оспанов пен ресейлік Адлан Батаев ACBJJ 14 турнирінде өзара мықтыны анықтайды.</span>

<span>Қос спортшы 30 маусым күні Мәскеу қаласында бразилиялық джиу-джитсу ережесі бойынша өтетін АСВJJ 14 турнирінде сынға түседі. Яғни, қос спортшы грепплинг күресі бойынша белдесіп, өзара мықтыны анықтайды. Оспанов пен Батаев 75 келі салмақта, 5 минуттан 3 кезең белдесетін болады.</span>

Айта кетейік, Арман «Сұңқар» Оспанов соңғы кездесуін АСВ 86 турнирінде өткізу керек болған. Алайда жекпе-жекке 10 минут қалғанда қарсыласы жұдырықтасудан бас тартқан болатын. Ал Батаев АСВ тұжырымының рейтингінде 2-ші орында тұрған спортшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или