Санжар Әділов өзбекстандық қарсыласын нокаутпен ұтты
Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Санжар Әділов өзбекстандық қарсыласын нокаутпен ұтты.
Санжар Әділов Ақтау қаласында өткен NFC 14 турнирінде өзбекстандық қарсыласын нокаутқа жіберді. Аса жеңіл салмақты сынға түскен отандасымыз өзбекстандық Амин Эргашевты 1 раундта техникалық нокаутпен ұтып, сегізбұрыштағы кезекті жеңісіне қол жеткізді.
Айта кетейік, Санжар Әділов UFC жұлдызы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі Абдулманап Нурмагомедовтің қол астында жаттығады. Ол соңғы жекпе-жегін Бішкекте өткен FFC турнирінде өткізіп, қырғызстандық қарсыласын қылқындыру әдісімен тізе бүктірген болатын. Бұл отандасымыздың сегізбұрыштағы 3 жеңісі болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или