Роналду Хабиб Нурмагомедовтің көмекшісі болуы мүмкін
UFC жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Хабиб Нурмагомедов <span>«</span>Реал Мадрид<span>»</span> шабуылшысы Криштиану Роналдудан алдағы жекпе-жекте секундант болуын өтінуі мүмкін, деп хабарлайды sport-express.com сайты.
«Мен Роналдудан маған көмекші болуды сұраймын», - дейді Нурмагомедов. - Маусымнан тыс кезеңде неге болмасқа?!
29-жастағы Нурмагомедов сәуірдің басында Нью-Йорктегі американдық Эль Яквинтаны жеңіп, UFC чемпионы атанған болатын. Жалпы алғанда, спортшы <span>ММА-де </span>26 рет жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или