Қазақстандық спортшы «Терминаторды» нокаутқа жіберді

Қазақстандық спортшы «Терминаторды» нокаутқа жіберді

Астананың 20 жылдығына арналған «BATTLE OF NOMADS-10"» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды bnews.kz сайты.

<span>Аралас жекпе-жекке Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Беларусь, Грузия, Португалия, Испания, Бразилия спортшылары қатысты.</span>

<span> Қазақстандық «Номад» клубы спортшысы Шавкат  Рахмоновтың тәжікстандық «Ахмад» клубының күрескері Фаридун Одиловты (лақап аты «Терминатор»)  үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.</span>

<span>«Жеңіске жетсем деген ой болды, әр нәрсеге де дайын болдым. Қарсыласыма жақсы күрес үшін алғыс айтқым келеді. Менің ойымша, төрешілер жарысты ерте аяқтап, асығыс шешім қабылдады», -  кәсіби мансабындағы алғашқы чемпиондық белбеуіне қол жеткізген спортшымыз. </span>

<span>Өз кезегінде, оның қарсыласы Фаридун Одилов реванш өткізгісі келеді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или