Арман Оспанов: Жекпе-жектің болмайтынын 10 минут қалғанда білдім

Арман Оспанов: Жекпе-жектің болмайтынын 10 минут қалғанда білдім

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман «Сұңқар» Оспанов АСВ 86 турниріндегі қарсыласы Акоп Степанян жекпе-жекке санаулы минуттар қалғанда бас тартқанын және бұл кездесуді асыға күткенін айтты.

— Бұл турнирге ұзақ дайындалдым. Осындай керемет кешенде жекпе-жек өткізгім келді. Біздің, Акоппен жекпе-жегімізге дейін екі кездесу бар болатын. Сол аралықта турнирдің матчмейкері келіп, Акоптың жекпе-жекке шыға алмайтынын, кездесудің болмайтынын айтты. Әрине, басында мен ештеңе түсінбедім. Артынша Акоп Степанянға барып, халін білдім. Ол денсаулығының сыр бергенін айтты. Бүкіл Армения, Ресей және Қазақстан халқы күткен жекпе-жектің болмай қалғаны өкінішті. Дегенмен біздің спортта бірінші кезекте денсаулық маңызды, — деді Арман Оспанов ресейлік Вестник ММА YouTube арнасына берген сұқбатында

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или