Астанада ММА-дан Қазақстан чемпионаты жалғасуда

Астанада ММА-дан Қазақстан чемпионаты жалғасуда

<span>8 мамырда Астанада ММА-дан ел чемпионы атағын алу үшін барлық өңірлерден 200 спортшы жиналды, деп хабарлайды 24.kz</span>

Жекпе-жек бес әйелдер мен тоғыз ерлер салмақ санаттары бойынша өтіп жатыр. Қазақстан чемпионатына алғаш рет 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысуда. Бұл жолы жасөспірімдер дәрежесінен 40 спортшы бақ сынауға ниет білдірген. Атап айтқанда, бәсеке 8-11 мамыр аралығында елордадағы «Қазақстан» спорт сарайында өтеді.

Жарыстың алғашқы күні жасөспірімдердің күш сынауынан басталды. ММА федерациясының бірінші вице-президенті Асылбек Дүйсеновтың айтуынша, жасөспірімдер дәрежесіндегі спортшылардың деңгейі жақсы. «Бүгін ел чемпионатында алғаш рет жасөспірімдер қатысып жатыр. Олар жасына қарамастан, жақсы жекпе-жек көрсетуде. Көптеген айқастар мерзімінен бұрын бітіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде-ақ олардың жоғары дайындықта екендігін көріп отырмыз», – дейді ол.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или