Астанада ММА-дан Қазақстан чемпионаты басталды
8 мамырда Астанада ММА-дан ел чемпионы атағын алу үшін барлық өңірлерден 200 спортшы жиналды, деп жазады 24.kz.
Жекпе-жек әйелдер арасында бес, ерлер арасында тоғыз салмақ дәрежесінде өтіп жатыр. Қазақстан чемпионатына алғаш рет 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысуда. Бұл жолы жасөспірімдер дәрежесінен 40 спортшы бақ сынауға ниет білдірген.
Атап айтқанда, бәсеке 8-11 мамыр аралығында елордадағы «Қазақстан» спорт сарайында өтеді. Жарыстың алғашқы күні жасөспірімдердің күш сынауынан басталды. ММА федерациясының бірінші вице-президенті Асылбек Дүйсеновтың айтуынша, жасөспірімдер дәрежесіндегі спортшылардың деңгейі жақсы.
- Бүгін ел чемпионатында алғаш рет жасөспірімдер қатысып жатыр. Олар жасына қарамастан, жақсы жекпе-жек көрсетуде. Көптеген айқастар мерзімінен бұрын бітіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде-ақ олардың әлеуетінің жоғары екендігін көріп отырмыз, – деді ол.