Дамир Рыспаев «Барыста» тағы 2 жыл ойнайды

Дамир Рыспаев «Барыста» тағы 2 жыл ойнайды

Астаналық «Барыс» хоккей клубы қорғаушы Дамир Рыспаевпен жаңа келісімшартқа қол қойды.

Келісімшарт екі жылға жоспарланған.

Айта кетейік, 23 жастағы қазақстандық ойыншы өткен маусымда КХЛ чемпионатының тек екі ойынына қатысқан. Осылайша, ол «пайдалы ойыншы» атанды.

Дамир Рыспаев жалпы КХЛ чемпионатында 25 ойын өткізген. Бірақ бірде-бір ұпай жинамады. Сонымен қатар, пайда көрсеткіші «-1» болды және хоккейші 194 минут айып алаңында отырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или