Arlan Grip Selection xалықаралық турнирінің чемпиондары анықталды
Almaty Arena спорт кешенінде бразилиялық джиу-джитсудан Arlan Grip Selection «Koktem open-2018» xалықаралық турнирі өз мәресіне жетті.
Бүгін, 18 жастан жоғары спортшылар IBJJF ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері бойынша бәстесті. Олар қызықты әрі теxникалық тәсілдер мен нағыз күресті көрсетті. Ал көрермендер қызықты да тартысты жекпе-жектердің куәгері атанды. Айта кетер жайт, джитсерлердің нағыз жанкүйерлері кеңестерін айтып, барынша қолдау көрсеткен бапкерлері болды.
- Менің қарсыласым мықты, белдесу де қиын өтті. Мен джиу-джитсумен Алматыда шұғылданамын. Осы спорт түріөзімеөтеұнайды. Мен ұпайсандарын жинау үшінкөбінесе "тэйкдаун" тәсілдерін қолдануға тырыстым. Жалпы бұл рейтингтік турнир, осал спортшыларжоқ. Бүгін қарсыласымнан басым түскенім үшін қуаныштымын, - деп бөлісті жарыс қатысушысы Юсуп Миньянов.
Ұлдар мен қатар, өз өнерлері мен шеберліктерімен қыздар да бөлісті. Қазіргі таңда, осы спорт түрінің қыздар арасында кеңінен тарағанын байқаймыз. Оған дәлелтурнирге қатысушы кәсіпқой спортшы-қыздар бола алады.
- Менің жасым 25-те, көк белбеу иегерімін. Жарысқа қатыспағаныма көп болып қалды, ұзақ үзілістен кейін бүгін бақсынайын деп шештім. Финалдық жекпе-жекте еліміздің үздік джитсері Арайлым Мекенбаевамен кездестім. Ол өте мықты спортшы. Шыны керек, бұдан да қиын болады деп ойлағанмын. Бапкеріме шексіз алғысымды білдіремін, - деп бөлісті 56 кг салмақтағы жарыс жеңімпазы Назгүл Раxаева.