Арман Оспановтың қарсыласы жекпе-жектен не үшін бас тартқанын түсіндірді
Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман «Сұңқар» Оспановтың АСВ 86 турниріндегі қарсыласы жекпе-жекке шығудан не үшін бас тартқанын түсіндірді.
Арман Оспановтың Ресейдің Мәскеу қаласында өткен АСВ 86 турниріндегі қарсыласы Акоп Степанян не үшін жұдырықтасқысы келмегенін түсіндірді. Бұл туралы спортшы өзінің инстагрммдағы ресми парақшасында жария етті.
– Достар, жекпе-жек менің денсаулығыма байланысты болмай қалды. Жарысқа бір апта қалғанда ауырып, өз-өзіме келе алмай жүрдім. Оның үстіне салмақ қуу рәсімі де ауруымды ушықтырып жіберді. Мен соңғы сәтке дейін жекпе-жекке шығам деп ойладым. Жанкүйерлердің алдында кешірім сұраймын», – деді Степанян.
Айта кетейік, Арман Оспанов пен Акоп Степанян АСВ 86 турнирінде кездесу керек болған. Жекпе-жек алдында қос спортш ресми салмақ өлшеу рәсімінен өткен еді. Жекпе-жекке санаулы минуттар қалғанда Акоп отандасымызбен жұдырықтасудан бас тартты.