Қарсыласын нокаутқа жіберген Айбек Нұрсейітке төрешілер жеңісті бермеді
<span>Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Айбек Нұрсейіттің әзірбайжандық спортшыға қарсы өткізген жекпе-жегі тең нәтижемен аяқталды. </span>
<span>Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өткен кезекті жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа жіберген Айбекке төрешілер жеңісті бермеді. GEFC (Grand European Fighting Championship) тұжырымы бойынша сынға түсетін отандасымыз жергілікті спортшы Хусейн Алиевке қарсы жекпе-жек өткізді. 3 раундқа созылған жекпе-жекте Айбек соңғы 10 секунд қалғанда қарсыласын жойқын соққысымен нокаутқа жіберген болатын. Алайда, төрешілер жекпе-жекті аяқталғанын айтып, отандасымызға шабуылын аяқтауға мүмкіндік бермеді. Жарыс аяқталған соң, қазылар арқасы жекпе-жектің тең аяқталғанын айтып, төреші қос спортшының қолын көтерді.</span>
<span>Айта кетейік, Айбек отбасын құруына байланысты сегізбұрышқа бір жыл шықпаған болатын. Ол аралас жекпе-жектен кәсіпқойлар арасындағы алғашқы кездесуін 2016 жылы бастаған болатын. Отандасымыз Франция елінің тәжірибелі спортшысы Майкл Дубойсты техникалық нокаутпен ұтқан болатын. </span>