Қазақстандық спортшы Германияда өткен турнирде чемпион атанды

Қазақстандық спортшы Германияда өткен турнирде чемпион атанды

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Алтынбек Бахтыгельдинов Германияда өткен  IFC турнирінде чемпион атанды.

Германияның Витлих қаласында өтетін IFC турнирінде сынға түскен отандасымыз жергілікті спортшыға қарсы жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. 3 раундқа созылған сайыста Алтынбек қарсыласы Эугена Диллден бір бас жоғары екенін көрсетіп, жергілікті спортшыны қапы қалдырды. Осылайша, отандасымыз IFC тұжырымының чемпиондық белбеуін иеленді. 

Айта кетейік, Алтынбек Бақтыгелдинов соңғы жекпе-жегін К-9 «Сила России» турнирінде өткізіп, Эдуард Бабаянды үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или