Қазақстандық спортшы Германияда өткен турнирде чемпион атанды
<span>Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Алтынбек Бахтыгелдинов Германияда өткен IFC турнирінде чемпион атанды, деп хабарлайды Qsport.kz.</span>
<span>Германияның Витлих қаласында өткен IFC турнирінде сынға түскен отандасымыз жергілікті спортшыға қарсы жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. 3 раундқа созылған сайыста Алтынбек қарсыласы Эугена Диллден бір бас жоғары екенін көрсетіп, жергілікті спортшыны қапы қалдырды. Осылайша, отандасымыз IFC тұжырымының чемпиондық белбеуін иеленді. </span>
<span>Айта кетейік, Алтынбек Бақтыгелдинов соңғы жекпе-жегін К-9 «Сила России» турнирінде өткізіп, Эдуард Бабаянды үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или