Кэм Баркер «Барыс» ХК сапына ауысты

Кэм Баркер «Барыс» ХК сапына ауысты
<p style="text-align: justify;"> <strong>Астана қаласының &laquo;Барыс&raquo; клубы Ұлттық хоккей лигасының ойыншысы, қорғаушы Кэм Баркермен арадағы келісімшартқа қол қойды. Енді 27 жасар хоккейші астаналық клубтың сапында ойнайтын болады.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> &laquo;Барыс&raquo; хоккей клубының ресми сайты хабарлағандай, К.Баркер &laquo;Чикаго Блэкхоукс&raquo;, &laquo;Миннесота Вайлд&raquo;, &laquo;Эдмонтон Ойлерс&raquo; және &laquo;Ванкувер Кэнакс&raquo; сынды командаларда өнер көрсетті. Ұлттық хоккей лигасында ол жалпы саны 310 матч өткізіп, 96 ұпай жинаған. Екі аптадан кейін К.Баркер &laquo;Барыстың&raquo; атынан шығатын болады.</p> <p style="text-align: justify;"> Айта кетейік, Астана қаласының хоккей клубы соңғы ойында &laquo;Салават Юлаевты&raquo; (Башқұртстан, Уфа) жеңіп, екі апталық демалысқа шықты. &laquo;Барыстың&raquo; келесі ойыны 13 қараша күні сырт алаңда өтеді. Латвияның Рига қаласында жергілікті &laquo;Динамо&raquo; хоккей клубымен кездеседі. Сол кезде Кэм Баркер мұз айдынына шығуы әбден мүмкін.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или