Кэм Баркер «Барыстың» сапына аусуы мүмкін

Кэм Баркер «Барыстың» сапына аусуы мүмкін
<p style="text-align: justify;"> <strong>Астана қаласының &laquo;Барыс&raquo; хоккей клубы Ұлттық хоккей лигасының ойыншысы, қорғаушы Кэм Баркермен келіссөздер жүргізіп жатыр.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, келлісөз сәтті аяқталса, ойыншының Құрлықтық хоккей лигасындағы екі апталық демалыстан кейін &laquo;Барыс&raquo; сапына қосылуы әбден мүмкін. К.Баркер &laquo;Чикаго Блэкхоукс&raquo;, &laquo;Миннесота Вайлд&raquo;, &laquo;Эдмонтон Ойлерс&raquo; және &laquo;Ванкувер Кэнакс&raquo; сынды командаларда өнер көрсетті. Ұлттық хоккей лигасында ол жалпы саны 310 матч өткізіп, 96 ұпай жинаған.</p> <p style="text-align: justify;"> Естереңізге сала кетсек, соңғы матчта Астана қаласының хоккей клубы &laquo;Салават Юлаевты&raquo; жеңіп, екі апталық демалысқа шықты. &laquo;Барыстың&raquo; келесі ойыны 13 қараша күні сырт алаңда өтеді. Латвияның Рига қаласында жергілікті &laquo;Динамо&raquo; хоккей клубымен кездеседі.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или