Қазақстандық спортшы Германияда өтетін турнирде чемпиондық атаққа таласады

Қазақстандық спортшы Германияда өтетін турнирде чемпиондық атаққа таласады

<span>Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Алтынбек Бахтыгельдинов Германияда өтетін IFC турнирінде чемпиондық атаққа таласады, деп хабарлайды Qsport.kz.</span>

<span>Германияның Витлих қаласында өтетін IFC турнирінде сынға түсетін отандасымыз жергілікті спортшыға қарсы жұдырықтасып, чемпиондық белбеуді сарапқа салады. 70 келі салмақта сынға түсетін Алтынбек Эугена Диллмен жекпе-жекке шығады.</span>

<span>Айта кетейік, Алтынбек Бақтыгелдинов соңғы жекпе-жегін К-9 «Сила России» турнирінде өткізіп, Эдуард Бабаянды үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или