Қазақстандық спортшы M-1 Global тұжырымының экс-чемпионымен жұдырықтасады

Қазақстандық спортшы M-1 Global тұжырымының экс-чемпионымен жұдырықтасады

Қазақстандық аралас жекпе-жек өкілі Гойти Дазаев M-1 Global тұжырымының экс-чемпионына қарсы жекпе-жек өткізеді.

4 мамыр күні Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өтетін WFCA 48 турнирінде қазақстандық Гойти Дазаев (7-0-1 ) сынға түседі. Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз M-1 Global тұжырымының экс-чемпионы Мурад Абдулаевқа (15-3) қарсы жекпе-жек өткізеді. 

Еске сала кетейік, Гойти Дазаев сегізбұрышта жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген спортшы. Ол соңғы жекпе-жегін  WFCA 43 турнирінде UFC-дің экс-спортшысы Элиас Сильвериоға қарсы жекпе-жек өткізіп, үш раунд қорытындысы бойынша қарсыласымен тең түскен болатын

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или