«Сарыарқа» хоккей клубы «Қазцинк-Торпедоны» ірі есеппен жеңді

 «Сарыарқа» хоккей клубы «Қазцинк-Торпедоны» ірі есеппен жеңді
<p style="text-align: justify;"> <strong>Жоғары хоккей лигасы аясында Қарағандылық &laquo;Сарыарқа&raquo; хоккей клубы өз алаңда &laquo;Қазцинк-Торпедоны&raquo; ойсырата ұтты.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Бұл ойында алаң иелері есепті бірінші болып ашты. Олар &laquo;Қазцинк-Торпедоның&raquo; екі минуттық айып уақытын шебер пайдаланып, бір ойыншыға артық құрамда қақпашыны қапы қалдыра білді. Осылайша, матчтың алашқы минуттарында &laquo;Сарыарқа&raquo; алға шықты. Ал бірінші кезеңнің ортасында тағы бір шайбаны соғып, есепті 2:0-ге жеткізді. Екінші кезеңнің басында Анатолий Васильев дубль жасаса, Сабахудин Ковачевич есеп айырмасын 4:0-ге дейін апарды. Үшінші кезеңде &laquo;Сарыарқа&raquo; өз басымдығын тағы да ұлғайтты. Өскемен қаласының хоккей клубы оған еш жауап бере алмады. Қорытынды есеп - 5:0.&nbsp;</p> <p style="text-align: justify;"> Осы ойыннан кейін &laquo;Сарыарқа&raquo; тағы үш ұпайға ие болып, жалпы турнир кестеcінде 32 ұпаймен бірден 6-шы орынға көтерілді. Ал &laquo;Қазцинк-Торпедо&raquo; осымен төртінші рет ұтылса да, 4-ші орнын сақтап келеді. Оның еншісінде 36 ұпай бар.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или