Жалғас Жұмағұлов әлемдік рейтингте жоғарылады
<span>Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Жалғас Жұмағұлов жаңартылған әлемдік рейтингте екі сатыға жоғарылады, деп хабарлайды Qsport.kz.</span>
<span>Fight Nights Global тұжырымының рейтингісінде көш бастап тұрған Жалғас Жұмағұлов әлемдік рейтингте де екі сатыға жоғарылап, 21-ші орынға жайғасты. Аса жеңіл салмақта жұдырықтасатын отандасымыздың алдында UFC спортшысы Алекс Перес тұрса, 22-ші орында да UFC-де сынға түсетін Магомед Бибулатов тұр. Ал бұл салмақтың ең үздік спортшысы UFC чемпионы Деметриус Джонсон. </span>
<span>Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов 56 келі салмақтағы Еуропадағы ең үздік 5 спортшының қатарына кірген болатын. Ол соңғы жекпе-жегін Fight Nights Global 86 турнирінде өткізіп, америкалық спортшы Тайсон Нэмді (16-8-1) айқын басымдылықпен жеңген болатын</span>