UFC президенті: Макгрегор мен Нурмагомедовтың жекпе-жегі Лас-Вегаста өтуі қажет
UFC ұйымының президенті Дана Уайттың айтуынша ирландиялық Конор Макгрегор мен ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың арасындағы жекпе-жек Лас-Вегас қаласында өтуі мүмкін.
Дана Уайт мұндай жоғары деңгейдегі жекпе-жекті Ресей елі қабылдай алмайды деп есептейді:
- Бір күні Хабиб Ресейде жекпе-жек өткізеді. Алайда ол кезде қарсыласы Конор болмайды. Егер Макгрегор мен Хабиб жұдырықтасса, жекпе-жек Лас-Вегаста өту қажет. Себебі мұндай дәрежедегі жекпе-жек Ресей үшін тым ауыр болмақ, - дейді.
Естеріңізде болсақ, бұған дейін Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегордың командасы жекпе-жек өткізу жөнінде келіссөзді бастағаны белгілі болған.
Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов Ресей елінің тарихындағы Олег Токтаровтан кейін UFC чемпионы атанған екінші спортшы. Ол соңғы жекпе-жегін UFC 223 турнирінде жеңіл салмақтағы чемпиондық атақты америкалық Эл Яквинтамен сарапқа салып, 5 раунд қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Ал Конор Макгрегор болса, соңғы рет өткен жылы боксшы Флойд Мейвезермен кездесіп, ұтылып қалған болатын. Жекпе-жек бокс ережесімен өтті.