Хоккей

Жақында Қазақстан азаматтығын алған қақпашы «Барыстан» кетеді

news-banner7
mobile-news-top

Жақында ғана Қазақстан азаматтығын алған швед қақпашысы Хенрик Карлссон «Барыс» командасынан кетеді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл ақпаратты Спорт-Экспресс сайты таратып отыр. Мәлімет көзінде жазылуынша, қос тарап келесі маусымының соңына дейін жасалған келісімшартты бұзған көрінеді. Енді 34 жастағы хоккейші мансабын швециялық чемпионат - SHL-де жалғастырады.

Естеріңізде болса, Карлссон биыл Қазақстан азаматтығын қабылдап, Венгрия елінде өткен Әлем чемпионатына қатысқан болатын. Қазақстан құрамасы аталған турнирде Ұлыбритания мен Италия хоккейшілерін алға жіберіп, Әлем чемпионатының элиталық тобына шыға алған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер