Қазақстандық спортшы өзбекстандық қарсыласын нокаутқа жіберді

Қазақстандық спортшы өзбекстандық қарсыласын нокаутқа жіберді

<span>Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Мырза Еркінбеков өзбек спортшысын нокаутпен ұтты.</span>

<span>Қарағанды қаласында аралас жекпе-жектен өткен Abadan Fighting Championship 2 турнирінде сынға түскен Мырза Еркінбеков өзбекстандық Муxамоджан Каюмовпен жұдырықтасты. Отандасымыз алғашқы раундтан бастап жойқын соққыларын дарытып, 1 раундта-ақ теxникалық нокаутпен жеңіске жетті! Жеңіл салмақта сынға түскен отандасымыз сегізбұрыштағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.</span>

<span>Айта кетейік, Мырза Еркінбек аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Ардақ Назаровтың шәкірті. Ол соңғы жекпе-жегін Naiza Fighter Championship 13 турнирінде өткізіп, өзбекстандық спортшы Жасур Азимовты 1 раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или