Хабиб Нурмагомедов Умра қажылығына аттанды
<span>Жақында ғана UFC тұжырымының чемпионы атанған Хабиб Нурмагомедов Умра қажылығына аттанды, деп хабарлайды Qsport.kz.</span>
<span>Дағыстандық аралас жекпе-жек шебері UFC тұжырымының чемпионы атанғаннан кейін кіші қажылық Ұмра қажылығын өтеуге Меккеге аттанды. Бұл туралы спортшы өзінің instagram-дағы ресми парақшасында жария етті. Хабиб өз сөзінде: «Әлемдегі ең керемет жер», – деп жазды. </span>
<span>Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов Ресей елінің тарихындағы Олег Токтаровтан кейін UFC чемпионы атанған екінші спортшы. Ол соңғы жекпе-жегін UFC 223 турнирінде жеңіл салмақтағы чемпиондық атақты америкалық Эл Яквинтамен сарапқа салып, 5 раунд қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или