Қазақстан құрамасы әлемдік лиганың жолдамасынан қағылды

 Қазақстан құрамасы әлемдік лиганың жолдамасынан қағылды

Хоккейден Қазақстан құрамасы Бірінші дивизионның А тобында үшінші орын иеленді.

Венгрияның астанасы Будапешт қаласында өткен әлем чемпионатында біздің хоккейшілер бес ойында тоғыз ұпай жинады. Ұлыбритания, Польша және Венгрия құрамаларынан басым түсіп, Италия мен Словенияға есе жіберген Қазақстан ұжымы А тобында үшінші орынға жайғасты.

Топтың көшін Италия құрамасы бастады. Ал екінші сатыға Ұлыбритания құрамасы орналасты. Әлемдік лигаға топтан тек екі құрама ғана жолдама ала алады. Сол себепті үшінші орынды місе тұтқан біздің жігіттер жолдамадан қағылды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или