Aсу Алмабаев шешенстандық қарсыласынан басым түсті
Berkut Young Eagles турнирінде өнер көрсеткен Асу Алмабаев шешенстандық спортшыны жеңді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.
Қазақстандық жас аралас жекпе-жек майталманы Асу Алмабаев Шешенстанның Толстой-Юрт қаласында өткен Berkut Young Eagles турнирінде сынға түсіп, жергілікті спортшы Шамиль Ахмаевпен (3-3-0) жұдырықтасқан болатын. 56 келі салмақта өнер көрсетен отандасымыз қарсыласынан үш раунд бойы бір бас жоғары екенін көрсетіп, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша жеңіске жетті. Осылайша Асу сегізбұрыштағы 7 жеңісіне қол жеткізді.
Айта кетейік, Асу Алмабаев сегізбұрыштағы соңғы жекпе-жегін 30 желтоқсан күні, әзірбайжандық Кенан Джафаралиға қарсы өткізіп, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или