Асу Алмабаев жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді
<span>Berkut Young Eagles турнирінде өнер көрсететін Асу Алмабаев жекпе-жегі алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті.</span>
<span>Қазақстандық жас аралас жекпе-жек майталманы Асу Алмабаев Шешенстанның астанасы Грозный қаласында өтетін Berkut Young Eagles турнирінің алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, қарсыласымен көз арбасты. Жергілікті спортшы Шамиль Ахмаевпен (3-3-0) жұдырықтасатын отандасымыз 56 келіні көрсетсе, оның қарсыласы белгіленген салмақты көрсете алмай, ескерту ретінде сары қағаз алды. Дегенмен отандасымыз жекпе-жекке шығудан бас тарпай, келісімін берді. </span>
<span>Айта кетейік, Асу Алмабаев сегізбұрыштағы соңғы жекпе-жегін 30 желтоқсан күні, әзірбайжандық Кенан Джафаралиға қарсы өткізіп, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын.</span>