«Сарыарқа» хоккей клубы «Соколды» ұтты

«Сарыарқа» хоккей клубы «Соколды» ұтты
<p style="text-align: justify;"> <strong>Қарағанды қаласының &laquo;Сарыарқа&raquo; хоккей клубы өз алаңында &laquo;Сокол&raquo; (Ресей, Красноярск) командасын жеңді.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Ойынның бірінші кезеңінде &laquo;Сарыарқа&raquo; бір шайбаны жіберіп қойды. Алайда екінші кезеңнің басында қарсыластың қақпасына төрт бірдей шайбаны соғып кетті. Оның барлығы төрт минутта, нақты айтсақ, 3 минут 44 секундтың ішінде іске асты. &laquo;Сарыарқаның&raquo; хоккейшілері үш шайбаны тең құрамда жүріп салса, біреуін бір ойыншыға артық ойнап соқты. Айта кетейік, Қарағанды хоккей клубына жаңа бапкер келгелі бері &laquo;Сарыарқа&raquo; осымен екінші рет жеңіске жетіп отыр. Бұған дейін команда &laquo;Ермакты&raquo; 2:0 есебімен тізе бүктірген болатын.</p> <p style="text-align: justify;"> Чемпионаттың басында болған сәтсіз ойындарға қарамастан, &laquo;Сарыарқа&raquo; бірте-бірте фовориттердің қатарына жақындап келеді. Соңғы матчтан кейін команда 29 ұпаймен жалпытурнирлік кестеде 9-шы орынға көтерілді. Ал лиганың көш басында тұрған клубтарда 36 ұпай бар.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или