«Айсұлу» - xоккейден Қазақстанның 13 дүркін чемпионы
Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 2017-2018 жылғы шайбалы xоккейден қыздар арасында Қазақстан соңғы ойындары өтті, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Соңғы ойында «Горняк» командасын 15:0 есебімен ұтқан «Айсұлу» хоккей клубы кезекті мәрте Қазақстан чемпионы атанды. Осылайша олар13-ші мәрте осы атаққа қол жеткізіп отыр.

Алматылық команда биылғы чемпионат барысында 11 ойынның барлығында жеңіске жетіп 33 ұпай жинады. Қарсыластар қақпасына 142 шайба соғып, өз қақпасына бар болғаны бір шайба өткізді.

Чемпионат барысында 7 мәрте жеңіске жетіп, 21 ұпай жинаған астаналық «Томирис» ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Олар соңғы кездесуде «Торпедо» командасын 1:0 есебімен жеңді.

Ал қола жүлде 18 ұпай жинаған өскемендік «Торпедо» командасына бұйырды.

Рудный қаласының атынан қатысқан «Горняк» командасы чемпионатта соңғы орын алды. Олар тіпті алматылық «Айсұлудың» жастар құрамасы «Айсұлу U-18» командасынан да қалып кетті.