Нұрсұлтан Қасымхановтың АСВ 85 турниріндегі қарсыласы ауысты

Нұрсұлтан Қасымхановтың АСВ 85 турниріндегі қарсыласы ауысты

<span>Италияда өтетін АСВ 85 турнирінде жұдырықтасатын Нұрсұлтан «Сұлтан» Қасымхановтың қарсыласы ауысты.</span>

<span>21 сәуір күні Италияда өтетін АСВ 85 турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізетін Нұрсұлтан Қасымхановтың қарсыласы ауысқаны белгілі болды. 61 келіде сынға түсетін Нұрсұлтан поляк спортшысы Якуб Викласқа (7-2) қарсы жекпе-жек өткізу керек болған. Поляк спортшысы белгісіз себептермен жекпе-жекке шыға алмауына байланысты отандасымыз тәжірибелі румыниялық Богдан Барбупен (11-8-0) жұдырықтасады. </span>

<span>Айта кетейік, Нұрсұлтан АСВ 84 турнирінде сынға түсу керек болған. Бірақ отандасымыз жарақатына байланысты сол жарысқа шыға алмай қалған. Нұрсұлтан сегізбұрышта 7 жекпе-жек өткізіп, тек бір мәрте ғана жеңілген болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или