«Барыс» хоккей клубы «Нефтехимикпен» кездеседі

«Барыс» хоккей клубы «Нефтехимикпен» кездеседі

Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Нефтехимик» (Ресей, Нижнекамск) командасын қабылдайды.

Бүгінде Нижнекамск қаласының хоккей клубын «Барыстың» экс-бапкері Владимир Крикунов жаттықтырады. Ол үшін биылғы чемпионат сәтті басталды. Команда алғашқы ойында «Ақ Барсты» (Қазан) жеңді. Алайда кейінгі уақытта 8 рет қатарынан ұтылды. Ал соңғы екі матчта «Нефтехимик» хоккей клубы «Юграны» 6:3 есебімен ұтса, «Автомобилистке» (2:3) жол беріп қойды. Қазір бұл команда Жоғары хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде 23-ші орында тұр. Оның еншісінде 23 ұпай бар. «Барыстың» ұпай саны екі есе артық - 46. Сырт алаңда өткізген соңғы төрт ойында команда өз қарсыластарын жеңе білді. Бірақ өз алаңында болған екі матчта «Металлург» (Магнитогорск) және «Тракторға» (Челябі) жол беріп қойды. Соған қарамастан, Астана қаласының хоккей клубы жалпы турнирік кестенің 4-ші орнын сақтап келеді.

Айта кетер жайт, бүгінгі ойын кешкі сағат 19:00-де басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирден таратады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или