Жұмағұлов Fight Night тұжырымының рейтингісінде көш бастады
<span>Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Жалғас Жұмағұлов Fight Nights Global тұжырымының жаңартылған рейтингісінде көш бастады, деп хабарлайды Qsport.kz. </span>
<span>Fight Nights Global 86 турнирінің басты жекпе-жегінде америкалық спортшы Тайсон Нэмді (16-8-1) айқын басымдылықпен жеңген Жалғас Жұмағұлов тұжырымның жаңартылған рейтингісінде көш бастап, 1-ші орынға жайғасты. Енді ең жеңіл салмақта жұдырықтасатын отандасымыздың басты қарсыласы чемпион Тагир Уланбеков болуы керек. Ал Жалғастан жеңілген Тайсон Нэм жаңартылған рейтингте 3-ші орынға тұрақтаған.</span>
<span>Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов 56 келі салмақтағы Еуропадағы ең үздік 5 спортшының қатарына кірген болатын. Сондай-ақ отандасымыз әлемдік рейтингте 25-ші орында тұр</span>